Жумақаева Бақыт Даулетханқызы
Бизнес - тренер
Алматы Менеджмент Университеті аясындағы «Медиация және конфликтология» орталығының директоры
Оқытушы - мастер
Білімі:
Мамандығы бойынша политолог. 2004 ж. Мәскеу қаласында «Саяси модернизация тарихы» тақырыбы бойынша диссертация қорғаған. Онымен қоса ол Болгария және Испанияның халықаралық оқу орындарында білім алған. «Феномен политического поведения: теория и практика» атты монографияның «Қазақстан тарихы», «Қазақстанның қазіргі заман тарихы», «Конфликтология» және т.б. салалардағы оқулықтардың авторы.
Жұмыс істеу тәжрибесі:
халықаралық деңгейдегі кәсіби тренер-медиатор. Дауларды тиімді шешу орталығының (CEDR) мамандарынан «Медиатордың басты қабілеттері», «Медиация қабілеттерін корпоративті дауларды шешуде қолдану: жоғарғы курс» тақырыптары бойынша тәлім алған.
Мекемелік, жанұялық және коорпаративтік дау-жанжалдарды шешу барысында медиация жүргізу тәжірибесі бар. Кәсіби медиаторлардың жалпы деңгейден тренер деңгейіне дейін даярлаумен айналысады.
Біліктілігі:
Бақыт Жумақаева мына салаларда жұмыс атқарады:
- бизнес-тренер «Медиатордың басты қабілеттері» курсы бойынша
- «Медиация қабілеттерін корпоративті дауларды шешуде қолдану: жоғарғы деңгейдегі» курсы бойынша
- бизнес-тренер «Лидер - Көшбасшы» курсы бойынша
- бизнес-тренер «Келіссөздер жүйесі» курсы бойынша
- бизнес тренер «Шешендік өнер» курсы бойынша