Мемлекеттік-жекешелік әріптестік

Курс OpenU алаңында құрастырылған

Курс туралы

Бұл курс мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің барлық концептуалдық сұрақтары мен тәжірибелік негіздерін қамтиды. Бұл пәнді оқытуда ең басты назар «мемлекеттік-жекешелік әріптестік» (МЖӘ) категориясының экономикалық мәні, МЖӘ түрлері, МЖӘ жобаларын қаржыландыру негіздері және МЖӘ саласындағы мемлекеттік басқару мен реттеу механизмдеріне бағытталған.

Курс форматы

Курс видеодәрістер, әр дәріске арналған жаттығулар мен тесттерден құралған. Жалпы курс ұзақтығы - 5 апта. Әр аптада 2 дәрістен беріліп отырады. Әр дәрістің соңында тест форматында 10 сұрақтан беріледі. Тестті өткеннен кейін өздеріңізді тексеріп, жауабын бірден біле аласыздар. Бұл сұрақтар дәрістен меңгерген білімді бекіту үшін арналған. Сондай-ақ әр дәрістің соңында тақырыпқа қатысты практикалық жаттығулар ұсынылады. Бұл жаттығулар дәрістен меңгерген білімді тәжірибе жүзінде қолдануға бейімдеу үшін арналған.

Пререквизиттер

"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік" курсын өту үшін "Экономикалық теория" және "Қаржы" деген курстарды меңгерген абзал.

Оқыту нәтижелері

"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік" курсын аяқтағаннан кейін мемлекеттік - жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, әзірлеу және жүзеге асыру жолдарын меңгеретін боласыздар.

Курс авторы

Арын Әсел Арынқызы

Алматы Менеджмент Университетінің «Қаржы, есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының магистрі.


БІЛІМІ
2005 - 2009 - Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, «Басқару» факультеті.
2009 - 2011 - Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, «Қаржы» мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық магистратура.
2016 - қазіргі уақыт - Алматы Менеджмент Университеті, «Қаржы» мамандығы бойынша PhD докторантура.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ
2010 - 2012 - Экономика және басқару Академиясы – Еуразия нарық институты, «Қаржы-банктік менеджмент» кафедрасы.
2012 - 2017 - Алматы Менеджмент Университеті, «Қаржы, есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы.
2017 ж. ақпан айынан - Алматы Менеджмент Университеті, «Қаржы, есеп және аудит» кафедрасының меңгерушісі м.а.

ЗЕРТТЕУ АЯСЫ
Мемлекеттік қаржы, қаржылық модельдеу, ҚР қаржы-несиелік ұйымдардың қызметі, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қаржылық аспектілері.

  1. Начало курса

    март. 01, 2018
Внести в список